Түркістан облысында шәйхана иесі жыртқыш құстарды торда заңсыз ұстаған

Автор: Azattyq Rýhy

Құстардың кезқұйрық және жағалтай екені анықталды

фото: polisia.kz

Түлкібас аудандық полиция бөліміне Табиғатты қорғау полициясының инспекторы Н. Мұздыбаевтан Азаттық кентіндегі шәйханада сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құстың торда қамалып ұрғаны жайлы хабарлама түскен.  

Оқиға орнына келген Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері шәйхананың иесінің 6 құсты ғимараттың ауласында заңсыз торда ұстағанын анықтады. Айғақ ретінде алынған 6 құс сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде, ол құстардың кезқұйрық және жағалтай екені анықталды.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК 389-бабы бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары шешім шығару үшін сотқа жолданады.