Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Астана – Щучинск тасжолының 126-шақырымында Lada-2110 маркалы автокөлік жоғары жылдамдықпен жол қоршауына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 мамыр күні болған. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде абай болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажет екенін еске салады.