Діндарлар отандық өндірушілерден бопсалап алған масканы шетелге сатқан

Автор: Azattyq Rýhy

Олар түскен қаражатқа қымбат көліктер мен бренд заттар сатып алған

Коронавирустық індеттің алғашқы толқыны аясында жасалған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігін діндар адамдар өз мақсатына пайдаланбақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша, ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлескен іс-шаралары аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Қазақстаннан жалпы сомасы 38 миллион теңге болатын медициналық маскалардың ірі партиясын контрабандалық жолмен алып өту әрекетінің жолын кесілді.

«Ұсталғандардың барлығы – бұрын ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған деструктивті діни ағым жақтаушылары. Қорғаныс маскаларын, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз уақытында қазақстандық дәріханаларды қамтамасыз еткісі келген отандық және шетелдік кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алған. Заңға бағынатын кейбір азаматтар өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің орбитасында осы танымал өнімге қатысты және қауіп-қатер арқылы шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысты», - делінген хабарламада.

Бір қызығы, қылмыстық топтың мүшелері алған қаражаттарын күнделікті нанына емес, қымбат көліктер мен бренд заттарды сатып алуға, мейрамханаларға баруға және «сәтті» өмірдің басқа да атрибуттарын қанағаттандыруға жұмсаған.

Басталған қылмыстық іс аясында деструктивті ағымдарды жақтаушылардың үшеуі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.