Астанада полициядан тротуармен қашқан трактордың мас жүргізушісі ұсталды

Автор: Темірхан Айжан

Ол 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды

Фото: скриншот

Елордада жаяу жүргіншілер жолымен полициядан қашып бара жатқан көк трактордың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Оқиға кезінде трактор жүргізушісі мас күйде болған. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен оған 18 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Трактор коммуналдық тұраққа қойылды.

«Көлікті мас күйде басқаруға жол берілмейді және бұл өте қауіпті. Азаматтарды ережелерді сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деп ескерту жасады полиция департаменті.