«Қонақтарға нағыз тосын сый болды»: Алматыдағы қымбат мейрамхана жанып кете жаздады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Абырой болғанда, қызметкерлер жалынды сөндіріп үлгерген

Фото: скриншот

Алматыдағы «Friendly» мейрамханасы қонақтарға тосын сый жасаймыз деп жанып кете жаздады. Оның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy 

Видеода көрініп тұрғандай, мейрамхана қызметкерлері қонақтардың біріне арналған тосын сый ретінде шам алып шығып, романтикалық құттықтау ұйымдастырмақ болған. Шам мейрамханадағы қымбат декорға тиіп, оның арты жалынға айналған.

Мейрамхана қызметкерлерінің бірі өрт сөндіру баллонын алып, жанып жатқан декорды сөндірген. Сондықтан, ешкім төтенше жағдайлар қызметіне хабарласпаған көрінеді.

Дегенмен, Алматы қаласының ТЖД осы оқиғаға қатысты тексеру бастады. ТЖД тексерудің қорытындысынан кейін тиісті ақпарат таратады.