Астанада жүк көліктеріне 92 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Автор: Темірхан Айжан

Бірінші сәуірден басталған рейд барысында 347 заңбұзушылық фактісі тіркелген 

Фото: скрин

Астанада ереже бұзған жүк көліктерінің иелеріне 92 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің рейді барысында 622-ге жуық автокөлік құралы тексерілген. Заң бұзушылықтың 347 фактісі анықталған, оның ішінде артық жүктеу жағдайлары бар.

Тәртіпті қадағалау үшін қаланың кіреберістері мен негізгі көшелеріне 6 жылжымалы бекет қойылды. Жұмыс ауқымды болғандықтан, Астанаға көмекке еліміздің 17 өңірінен көліктік бақылау инспекторлары шақыртылған.

Рейд жұмысы негізінен құрылыс материалдарын (құм, қиыршық тас және т.б.) тасымалдайтын көліктердің салмағын өлшеуге бағытталған.

Көлік министрлігі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарына артық жүк артпауға және жол желісін пайдалануға жауапкершілікпен қарауға шақырады.