Абай облысында «әдемі» қыздарды вебкам бизнеске тартып, ұятсыз видеолар түсірген ерлі-зайыпты қамалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар осыдан жүйелі табыс тапқан

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қарсы іс-қимылдар аясында жас қыздарды порнография бизнесіне тартқан ерлі-зайыптыны ұстады. Олар Абай облысында тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Абай облысында жүйелі табыс табу мақсатында Қазақстанның бірнеше қаласында вебкам бизнеске арналған порностудиялар ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар өзара міндеттерді бөлісе отырып, модельдік келбеті бар жас қыздарды іздеумен және осы іске тартумен, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы түсірілімдер жүргізуге арналған орындарды ұйымдастырумен айналысқан», - деп хабарлайды ІІМ.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ жастарды азғындап, оларға ВИЧ жұқтырған ЛГБТ өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық іс қозғағанын жазған еді.