Қала тұрғындары билік өкілдерінен бұл мәселені шешуді сұрады
Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңында 20-ға жуық адам жиналды. Олар қалада дәрі-дәрмек тапшы екенін айтып, билік өкілдерінен бұл мәселені шешуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Дәріханаларда ештеңе жоқ. Физерітінді де еш жерде жоқ», - дейді тұрғындар.
Ал Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев қалада дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін айтты.
«Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Біз жиналған адамдармен бірінші дәріханаға кірдік те айтылған дәрілерді сұрадық, үшеуінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.