Перизат Қайратпен бірге Астанадағы мұқтаж әйелді оңбай алдаған Мөлдір Сүйіншәлінің ірі қылмыстары әшкере болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол 3,9 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қаласындағы департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті Мұлдір Сүйіншіәліге қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Мөлдір Сүйіншіәлі өзі бірнеше құрылыс компаниясының басшысы ретінде позициялайтын. Қазақстандағы ең жас кәсіпкерлердің тізіміне де енген.

Ал, енді Қаржы мониторинг агенттігі іс жүзінде Мөлдір Сүйіншәлінің құрылыс компаниясы болмағанын, Астанада коттеджд қалашығын саламын деген сылтаумен елуден астам адамды сан соқтырып кеткенін мәлімдеп отырү

«Тергеудің деректері бойынша, 2021–2024 жылдар аралығында Мөлдір Сүйіншәлі «Nura Elite» коттедж қалашығын саламын деген сылтауымен азаматтардан қаражат тартқан.  Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу көзделген. Алайда бүгінгі күні таунхаустар толық аяқталмаған (тек қаңқалары ғана тұр), 2023 жылдың 4-тоқсанына дейін аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған. Сатып алушылармен алдын аласатып алу-сату шарттары жасалған. Соның салдарынан, 56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге жеткен», - деп хабарлайды ҚМА.

Бұл ақшаның 322 млн теңгесін Мөлдір Сүйіншәлі өзі арқылы, күйеуі мен ата-анасының есепшоттары арқылы иемденіп алған. Тағы 145 млн теңгесін қолма-қол ақшаға айналдырып алған. Бұдан өзше, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер беретінін мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған болып шықты.

Қазір Мөлдір Сүйіншіәлі үйқамақта.