Алматы облысындағы «Асыл Арман» кешенінде пәтер өртеніп кетті (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Құтқарушылар 25 адамды эвакуациялады 

Фото: скрин

Алматы облысындағы жиырма бес мыңға жуық тұрғыны бар «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының «112» пультіне Қарасай ауданы, Иргелі ауылында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 9 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан көршілес екі екі бөлмелі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнында баспалдақ арқылы 25 адам: 18 ересек, 7 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар 20 адам, оның ішінде 5 бала өз бетінше эвакуацияланды.

Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру дәрежесіне бойынша жұмыс істеді. Өрттің көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.