Көлсай маңында туристік автобус төменге құлап кетті (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Көлік ішінде адам болмаған, зардап шеккендер жоқ

Фото: видеодан скрин

Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында туристік көлікке қатысты оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 сәуір күні жолаушылар тасымалдауға арналған микроавтобус тұрақ орнынан өздігінен қозғалып, төмендегі жыраға құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде көлік ішінде ешкім болмаған, сондықтан ешкім зардап шекпеген.

Өңірлік полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жай анықталып жатқанын хабарлады.

«Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – деп мәлімдеді полиция.