Қостанайда полицияның көлігі апатқа түсті – жараланғандар бар

Автор: Темірхан Айжан

Жол апатының себебі анықталып жатыр

Фото: скрин

Тәуелсіздік пен Майлин көшелерінің қиылысында сақшылар отырған көлік жеңіл автокөлікке соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt маркалы қызметтік автокөлікті кезекшілікте жүрген учаскелік полиция инспекторы жүргізген. Тәртіп сақшылары шұғыл қызметтік тапсырманы орындау барысында арнайы жарық сигналдарын қосып жүйткіген.

Осы сәтте полиция көлігі мен Kia Sportage маркалы автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер ауруханаға түскен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру амалдары жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.