Күрес федерациясының вице-президенті қызметіне жайдарманшы тағайындалды

Автор: Темірхан Айжан

Енді ол өзінің медиа саласындағы тәжірибесін спорттық менеджмент бағытында қолданбақ

Фото: @mansar.million

Танымал шоумен, жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының медиа жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актер бұл жаңалықты желідегі парақшасына салды.

«Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа саласы бойынша) қызметіне тағайындалдым. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерімді саламын», - деді ол.

Айта кетсек, Мансар Орынхан көрерменге  «Миллион» командасының мүшесі ретінде, сондай-ақ бірқатар отандық телехикаялар мен кинотуындылардың актері ретінде танымал.