Астанада «Haval» жүргізушісі бетонға соғылып, көліктің күл-талқаны шыққан (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Абырой болғанда, жүргізуші дін аман

Фото: скриншот

Кеше, 19 сәуір күні Астанада «Haval» маркалы көлік бетонға соғылып, аударылып қалған. Оның салдарынан тағы бір көлік жол апатына түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға қарасақ, бетонға соғылған көлік аударылып, көліктің түгі қалмаған. Оқиға оррнына полиция мен жедел жәрдем жеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, бетонның бір бөлшегі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Chevrolet» көлігіне тиген.

Астана қаласы Полиция департаментінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, «Haval» маркалы көлік А-52 көшесінде келе жатып, жол жиегінде тұрған бетонға соғылған. Екі көліктің де жүргізушісін дәрігерлер қарап, үйлеріне босатты.