Қазақстанда 8 күннен кейін жаңа мереке пайда болады

Автор: Темірхан Айжан

Бұл - қазақтың «жеті қазынасының» біріне арналған күн 

Фото: iStockphoto

Қазақстан Үкіметінің 2026 жылғы 15 сәуірде қабылдаған ресми қаулысына сәйкес, 3 қыркүйек – Қазақ тазысы мен төбет күні ретінде бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат 28 сәуірден бастап заңды түрде күшіне енеді. Осылайша, қазақтың «жеті қазынасының» бірі саналатын құмай тазы мен ірі тұқымды төбеттеріміздің мәртебесі мемлекеттік деңгейде бекітілді.