Оралда дәмхананың дәретханасына бірге кіріп, есікті іштен жауып алған екі жігіттің не істегенін полиция анықтайды (ВИДЕО)

Оқиға әлеуметтік желіде таралып жатыр

Оралда дәмхананың дәретханасына бірге кіріп, есікті іштен жауып алған екі жігіттің не істегенін полиция анықтайды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде келеңсіз оқиға орын алды: ерлер дәретханасындағы бір кабинаға екі ер адам бірге кіріп, есікті ішінен жауып алған. Ол есікті күшпен ашқан бір ер адам ішіндегі жігіттерді ұрып-соққаны үшін қылмыстық іске ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кеткен. Көпшілік бір кабинаға тығылып алған екі жігіттің әрекетін сөгіп жатыр. Дегенмен, Орал полициясы оларды ұрып-соққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғап отыр.

«Тексеру барысында анықталғандай, оқиға биыл 17 ақпанда болған. Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде ер адам бір жігітті соққыға жыққан. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жігітті соққыға жыққан ер адамның жеке басы анықталып, оны полицияға әкелдік. Дәретхана ішіне қамалып алған екі жігіттің де әрекетіне баға береміз», - деп хабарлаған Орал полициясы.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Жаркентте көлік ішінде тыр жалаңаш отырған екі ер адамның видеосы тараған еді. 

Мақалада
#Орал #БҚО