Оны жөндеу үшін әуекомпаниясы Алматыдан бөлшек алдырған
Шымкент әуежайында келеңсіз оқиға орын алды: ұшақ ұшып-қону жолағына қонар кезде бір итті қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Алматыдан Шымкентке бет алған FS7105 рейстің ұшағы 15 сәуір күні Шымкент әуежайына қонған кезде итті қағып кеткен. Жануардың өлі-тірісі белгісіз. Бірақ, ұшақ зақымданған.
«Соқтығыстан кейін ұшақтың кейбір жеріне зақым келген. қазір компания сынған бөлшектерді ауыстыру үшін Алматыдан бөлшектер алдырып жатыр», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі БАҚ өкілдеріне.
Қазір Көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.