Балалардың анасы ауыр хәлде жатыр
Бірнеше күн бұрын Атырау облысындағы Доссор кентінде жол апаты орын алып, бір үйдің екі сәбиі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Atyrau Oil басылымының мәліметіне сүйенсек, қазір балалардың анасы ауыр хәлде жатыр.
Полицияның мәліметінше, ауыл ішінде жеңілд көлік пен минивэн соқтығысып қалған. Жеңіл көліктің ішінде бір отбасы келе жатқан еді.
Өкінішке қарай, отбасының бір баласы апат болған жерде, екіншісі ауруханада көз жұмған.
Қазір балалардың анасы ауыр хәлде ауруханада жатыр.