Volvo маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған
Республикалық маңызы бар тасжолда жол жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы техника жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
24 наурызда Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы тіркелді. Volvo маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған:
Жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін асырып, алдындағы көлікпен қауіпсіз қашықтықты сақтамаған.
Соққы салдарынан жол жөндеу жұмыстарын орындап жатқан «ҚАЖсервис» ЖШС-нің жүргізушісі түрлі жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Бұл — биылғы қысқы маусымдағы алғашқы оқиға емес. Жолдағы арнайы техниканың қатысуымен болатын апаттар саны көңіл көншітпейді.
2025–2026 жылдардағы қысқы кезеңнің деректері: Жол техникасының қатысуымен 22 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл апаттардың барлығында дерлік өзге көлік жүргізушілері кінәлі деп танылған.
2025 жылы 6 қайғылы жағдай болып, оның бесеуі жол апатымен байланысты. Нәтижесінде 2 жол жұмысшысы қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алған.
«Мамандар тасжолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде ерекше сақ болуды сұрайды. Сары түсті бағдаршамдар мен тиісті жол белгілеріне назар аудару – жұмысшылардың да, сіздің де өміріңізді сақтайды», – дейді ҚТЖ мамандары.