Оқиға кеше, 15 наурыз күні болған
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын өлтіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакциямызға Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті растады.
Дереккөзге сүйенсек, қарауыл бастығы ауыр жарақат алған. Ол Гвардейский кентіндегі әскери госпитальде жан тапсырған.
«Жамбыл облысындағы әскери күзеттің азаматтық қызметкерінің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын кешенді шаралар анықтайды», - деп хабарлайды тергеу департаменті.
Кейбір БАҚ оқиға 15 наурыз күні кешкі сағат 19:30-да №21742 әскери бөлімінде болғанын жазып жатыр.