Көкшетауда орталық базарда ер адам көз жұмды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Полиция тергеуді бастады

Фото: depositphotos

Көкшетауда орталық базарда ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады. 103 қызметінің пультіне ес-түссіз жатқан адам туралы хабарлама түскен.

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, дәрігерлер шақырту түскеннен кейін бірнеше минут ішінде оқиға орнына жеткен.

«Шақырту 16:33-те орталық базардың екінші қабатынан түсті. Бригада оқиға орнына бес минутта, яғни 16:38-де жетті. Қарау барысында науқаста жедел жәрдем келгенге дейін болған биологиялық өлімнің нақты белгілері анықталды», – делінген облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы таратқан ақпаратта.

Ақмола облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», — деп мәлімдеді Полиция департаменті.