Оның ақша салған «компаниясы» қаржы пирамидасы болып шыққан
Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қаласындағы департаменті «Sirius Energy» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, қаржы пирамидасын құрғандар өздерін Чилидің «жаңартылған энергия көздері» саласындағы алпауыт компаниясында жұмыс істейміз деп сендірген. Сендіргені сонша, Астана тұрғыны компаниядан түсетін табысқа сеніп, 3 млн теңге несие алған.
«Қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданған. Салымшыларды тарту мақсатында күдікті Алматы және Астана қалаларында кеңсе ашып, тұрақты түрде тренингтер өткізген. Сонымен қатар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы белсенді жарнама жүргізіп, заңды қызмет атқарып отырғандай әсер қалыптастыру үшін үшінші тұлғаның атына ЖШС тіркеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызметі жоқ еді», - деп хабарлайды ҚМА.
Дереккөзге сүйенсек, қаржы пирамидасына 380 азамат алданған. Залал көлемі белгісіз.