$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Антисанитария»: Астанада арам жерге мал сойып, ет сатқандар анықталды (ВИДЕО)

Полиция олардың ауласынан малдың 60 басын тапқан

Астанада полиция заңсыз ет өнімдерінің айналымын тоқтатты. Дәлірек айтқанда, полиция рейд кезінде антисанитариялық жағдайда мал сойып, ветеринариялық бақылаусыз және тиісті ілеспе құжаттарсыз ет сатқан бірнеше жасырын цехті анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы заңсыз айналымнан барлығы шамамен 3 мың тонна ет өнімі тәркіленген. «Астана-Ветсервис» мамандары полициямен бірге осы үш тонна етті жойған. 

«Сонымен қатар жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы шаруашылық құрылыстарында заңсыз жасырын цех анықталды. Онда ешқандай рұқсат құжаттарынсыз және міндетті ветеринариялық бақылаудан өтпеген ет өнімдерін өңдеу, сақтау және сату жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында ет өңдеуге арналған жабдықтар, сондай-ақ ветеринариялық құжаттары жоқ ірі және ұсақ мүйізді малдың 60 басы, малдың тұтас еті, тұяқтары және басқа да ет қалдықтары табылды», - деп хабарлайды Астана полициясы.

Қазір полиция осы цех иелерін тергеп жатыр.