05.03.2026, 13:34
Оқиғалар
Щучьедегі жойқын жарылыс: дәмхана иесі екі айға қамалды
Бұл туралы аймақтың прокуратурасы хабарлады
Фото: ТЖМ
Ақмола облысының Щучье қаласында сегіз адамның өмірін қиған жарылыстан кейін дәмхананың иесі екі айға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Щучье қаласындағы «Плов орталығы» кафеcінде болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Плов орталығы» кафеcінің иесіне екі айға қамауға алу санкциясын берді.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды