Елімізге басты гүл жеткізушісі ел - Эквадор
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанға гүл жеткізетін негізгі елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан сырттан 77,6 млн АҚШ долларға 10 954 тонна гүл импорттаған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға аз.
Елімізге басты гүл жеткізушісі ел - Эквадор. Барлық гүлдің 41,9%-ы, яғни 4 586 тоннасы осы елден келеді.
Сонымен қатар, гүл нарығындағы ірі импорттаушылар қатарында мына елдер бар:
Жалпы, өткен жылы Қазақстан әлемнің 45 елінен гүл алдырған. Оның ішінде раушан гүлдері ең көп сұранысқа ие болған.