Полиция дүкен иесі сақтық шараларына мән бермеген дейді
Кентау тұрғыны түнде алтын бұйымдар сататын дүкеннің есігінен емін-еркін кіріп, 9 млн теңгенің бұйымдарын ұрлап кеткен. Полиция оны дүкен ішіндегі камера мен көше бойындағы басқа нысандардың камералары арқылы тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысының полициясы жазғандай, дүкен иесі арыз түсірген соң, қала полициясы іздеуге кіріскен. Осы ретте полиция дүкеннің сыртында бейнебақылау камерасы болмаған, есігіне дабыл жүйесі орнатылмаған, есігі оңай сынатын шыныдан жасалған.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Жүргізілген тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды полиция.