Оған бір тұрғынның өзі 2 млн теңгесін берген
Астанада 20 адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті. Ол адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын инвестициялауға көндірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері қолға түсірген 30 жастағы азаматтан бас-аяғы 20 адам зардап шеккен.
«Алаяқ көп жағдайда адамдардың сеніміне кіріп, инвестицияға ақша салуға көндірген. Әуел баста ақша алған азаматтар ештемеден күдіктенбесін деп оларға азын-аулақ ақшаны кіріс ретінде беріп отырған. Бірақ, олардан алған ақшаны мүлде инвестицияламай, өз қажетіне жаратып отырған», - деп хабарлайды Астана полициясы.
Қазір Астананың полиция департаменті күдіктіге қатысты қылмыстық іс ашып, тергеуді жалғастырып жатыр. Егер осы азаматтан зардап шеккен өзге де адамдар бар болса, 102 нөміріне хабарласа алады.