Бұл туралы Санжар Әділов мәлім етті
Күні кеше хабарлағынымыздай, Атырауда АИТВ (ВИЧ) сырқатына шалдыққан екі трансвестит жыныстық қызмет көрсеткен. Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істе әзірге бір күдікті екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Иә, расымен де ұйымдасқан Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әдейі ВИЧ жұқтыру фактісін анықтады. Қазір істе бір күдікті бар, сот санкциясымен ол екі айға қамалды», - деп хабарлайды
Айта кетейік, Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.