Ата-анасы баланы қараусыз қалдырған
Астанадағы жеке секторда орналасқан үйлердің бірінде 2 жасар сәби ауладағы үрмелі бассейнге тұншығып қалды деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Қазір бала ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
«9 шілдеде 112 шұғыл номеріне №2 қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне 2018 жылы туған баланың жатқызылғаны туралы хабар келіп түскен. Ата-анасының айтуынша, сәби бассейнде ойнап отырған. Оны аз ғана уақытқа тастап кеткенде бала тұншығып қалыпты», - делінген аталған хабарламада.