Дәрігерлер балаға шұғыл түрде операция жасалған
Шымкент қаласының клиникалық ауруханасындағы дәрігерлер 8 жасар баланың ішінен үлкен көлемде шаш алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, баланы дәрігерге әжесі ертіп келіпті.
«Әжесінің айтуынша, бала соңғы бірнеше күннің ішінде тамақ іше алмаған. Жеті күн бойы іші ауырып, құсқан. Дәрігерлер тексере келе баланың асқазанынан үлкен шаш алған», - деп хабарлайды басқарма.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Түркістан дәрігерлері 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш алып шыққан.