Ол көлігіне арнайы немесе жедел қызметтің көліктеріне ғана тағылатын жарық орнатып алған
Астана қаласының полиция департаменті көлігіне арнайы немесе жедел қызметтердің көліктері ғана тағалатын жарық орнатып алған 22 жастағы бойжеткенге әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бойжеткеннің көлігін полиция қаладағы саябақтардың бірінен тауып, оны айыппұл тұрағына алып кеткен. Көліктегі белгілі полиция сол жерде тәркілеп алған.
Полиция көлікті тәркілеген кезін видеоға түсіріп, әлеуметтік желісіне жүктеген.