Шұғыл: Петропавлда оқушы зияткерлік мектептің үшінші қабатынан құлап кеткен

Автор: Бақыт Шынар

Оқушы кәмелет жасына толған

Фото: mtrk.kz

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 жастағы оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап, ауыр жараланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 7152.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл ақпаратты мектеп әкімшілігі растап, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, оқушы кеше, 17 ақпан күні құлаған. 18 жастағы бала мектептің соңғы сыныбында, математика бағытында білім алып жүрген.

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, баланы ауруханаға жедел жәрдем жеткізген. Дәрігерлер оның омыртқа бөлігінде және аяғында сынық барын анықтаған. Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыро деңгейде.

Қазір осы оқиғаға байланысты мектепте тексеру басталған.