Әлеуметтік желіде таралған видео полицияның назарына ілінді
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге тұрғын үйлердің бірінде болған қорқынышты жағдайдың видеосы тараған еді. Ер адам лифт күтіп тұрған кішкентай қызға тиісіп, артынан қалмай қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кішкентай қыздың анасы дабыл қағып, видеоны жүктеген соң полиция осы видео негізінде іс қозғаған.
Бүгін Астананың әкімшілік құқық бұзу жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды 15 тәулікке қамау туралы шешім қабылдаған.
«Сот анықтағандай, оқиға 2026 жылдың 11 ақпаны күні сағат түскі 11:00 кезінде ер адам тұрғын үйдің бірінші қабатында лифт күтіп тұрған 2014 жылғы қызға тиіскен. Ол қыздың алды-артына шығып қарап, лифтіге бірге кіріп, лифт ішінде де оның артына тұрып алып, әдепсіздік танытқан. Қыз шошып, артына қарағанда ер адам кетіп қалды», - деп жазылған іс материалдарында.
Сотта ер адам кінәсін мойындамаған, ал қыздың анасы баласы үйге шошып, мазасызданып келгенін айтқан.
«Сот видеодағы ер адам кішкентай қыздың мазасын алып, шошытқанын растады және оған 15 тәулік қамау жазасын кесті», - деп хабарлайды дереккөз.