Жамбыл облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

Автор: Дәулет Ботагөз

Жолда жеңіл көлік аударылған

Фото: © istockphoto.com

Жамбыл облысы, Қордай ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Отар ауылының маңында жеңіл көлік аударылып, ішіндегі жолаушылар зардап шеккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, апат бүгін, 14 ақпанда, Отар ауылынан небәрі 1 шақырым жерде болған. Жеңіл автокөлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккендерді көліктен шығару жұмыстарын жүргізді.

Көлік ішінде болған үш адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған:

Бір жолаушы өздігінен қозғала алмағандықтан, құтқарушылар оны зембілмен тасымалдады;

Үш адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Қазіргі уақытта олар ауруханада жатыр.