Шардарадағы 30 мың халықтың өмірін жақсартатын құрылыс аяқталуға жақын (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Құбыр салынып бітсе, қала тұрғындары таза су ішеді

Фото: скриншот

Түркістан облысындағы Шардара топтық су құбырының құрылысы 70% аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл су құбыры салынса, Шардара қаласының 30 мың тұрғыны жерасты көздерінен алынатын ауыз суға қол жеткізеді.

«Жоба аясында жалпы ұзындығы 39,3 км болатын құбыр салу көзделген, оның ішінде бүгінде 27 км немесе 68,7% салынды. Сондай-ақ қуаты 380 кВт болатын трансформатор орнатылады. Жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлайды министрлік.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов су құбыры тәулігіне 12 мың текше метр су тартатын қуатта жұмыс істейді.