«Ресейден жеткен»: Ақтөбе полициясы аса ірі көлемде қауіпті азот тотығын тәркіледі

Автор: Бақыт Шынар

Оны ел арасында «көңіл көтеретін газ» деп те атайды

Фото: Ақтөбе облысының полициясы

Ақтөбе облысының полициясы 1 мыңан аса баллон «көңіл көтеретін газ» баллондарын тәркілеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бұл баллонды қолдануға заң аясында тыйым салынған. Оны сатып, таратқандар қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Ал, Ақтөбедегі аса ірі көлемдегі партия Қазақстанға көрші елден келген көрінеді.

«Ақтөбе облысындағы қоймадан екі жүк цистерна және 1033 баллон азот тотығы (оксиді) тәркіленді. Аталған заттар Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясынан жеткен», - деп хабарлайды полиция.