ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Пара алып жатқан жерінен ұсталған Текелі әкімдігі қызметкері өзенге секіріп кетті (ВИДЕО)

Ол 1,5 млн теңге пара алмақ болған жерінен ұсталды

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша қызметі өңірдегі ҰҚК департаментімен бірлесіп, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша Қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

«Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болып, өзенге секіріп, жүзіп өтпек болған. Сонымен бірге, ол өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, ол оқиға орнында ұсталды», - делінген агенттік таратқан хабарламада.

 

Сұхбат