Қазір әйел үйінде
Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының дәрігерлері биіктен құлап, көп жері сынған 30 жастағы әйелге бес сағат бойы ота жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау бағдарламасы хабарлағандай, әйелдің жанбас сүйегі өте көп жерден сынып кеткен. екі апта бойы өмір үшін күрескен әйел есін жиғанда, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының дәрігерлері оны осы ауруханаға алдырып, отаға дайындала бастаған.
Дәрігерлердің айтуынша, адамның жанбас сүйегі бірнеше жерден сынса ол өте ауыр жарақатқа жатады. Және бұндай жарақатқа операция істеу де көп хирург үшін өте ауыр жұмыс. Өйткені, адамның жамбас сүйегіндегі ірі тамырлар мен өмірлік маңызды органдарына зақым келсе, адам өліп кетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының травматология бөлімін басқарып отырған Думан Бакербеков, дәрігер-травматолог-ортопед Сергей Ерыгин екеуі өзге әріптестерінің көмегімен әйелге 5 сағат бойы ота жасаған.
«Ота сәтті өтіп, жас келіншек тоғыз күн дегенде үйіне шықты. 1,5-2 ай бойы әзірге төсекте жатады. Кейін ақырын қозғалып, одан кейін отырып, кейін аяғынан тік тұрады. Оң аяғына тек 3,5 айдан кейін ғана салмақ салып, отыруына болады», - дейді дәрігерлер.