Оларға ыс тиіп, ажал құшуы мүмкін
Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында төрт адам, соның ішінде, бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті «Қонаев» телеарнасының мәліметіне сүйенсек, 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылғы әйел және бір жарым жасар сәбидің мәйіті табылған. Олар бірнеше күн хабарсыз кеткен соң жақындары үйіне іздеп келгенде, төртеуінің жансыз денесі табылған.
Біздің редакцияға ресми комментарий берген Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растады.
«2 ақпан күні Райымбек ауылдың округінің әкімдігінен Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында, шаруа қожалығының аумағында төрт адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медицина сараптамасын өткізіп жатырмыз. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, полиция департаменті мен жергілікті әкімдіктің өкілдері кетті», - деп хабарлады ДЧС.
Ал, үйге бірінші болып кірген адамдар есікті ашқанда үйден ыстың иісі мүңкіп тұрғанын айтқан.