Олар мемлекетті 1 миллиард доллар шығынға батырған
Чикаго қаласында федералдық прокурорлар Medicare және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты ауқымды алаяқтық схемаларын ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше шетел азаматын ұстады. Тергеу материалдарына сәйкес, жалған медициналық өтінімдер арқылы мемлекеттік және жеке сақтандыру компанияларына 1 миллиард доллардан астам шығын келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі cwbchicago басылымына сілтеме жасап.
Айыптау актілерінің бірінде Қазақстан азаматы Ануар Абдрахманов алаяқтықтан түскен ақшаны заңдастыруға қатысқан деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, ол Кентукки штатында тіркелген Priority One Medical Equipment компаниясын басқарған. 2024 жылғы наурыз бен тамыз аралығында глюкоза мониторингі құрылғылары мен катетерлерді пациенттерге жеткізгені көрсетілген жалған өтінімдер арқылы жалпы 666 миллион доллар сомасында төлем алған.
Priority One компаниясына қатысты Medicare жүйесіне 250-ге жуық шағым түскен. Олардың басым бөлігі компаниядан ешқандай медициналық өнім немесе қызмет алмағанын мәлімдеген. Сонымен қатар Иллинойс штатындағы алты адам өздеріне диабетке арналған құралдардың тағайындалмағанын, тіпті қант диабеті диагнозы да жоқ екенін көрсеткен.Тергеушілер компания кеңсесіне бақылау жүргізгенде ғимарттың бос тұрағанын анықтаған. Medicare алаяқтық күдігіне байланысты төлемдерді уақытша тоқтатқанын, бірақ басқа да қосымша сақтандыру компаниялары Priority One-ға кемінде 450 мың доллар аударған. Абдрахмановтың осы қаражаттың бір бөлігін Гонконгтағы және басқа шетелдік банктік шоттарға аударуға әрекет жасаған.
Сонымен қатар федералдық прокурорлар тағы бір Қазақстан азаматы Таир Смағұлға айып тақты. Оның Коннектикут штатында орналасқан, Medicare мақұлдаған Medical Home Care Inc. компаниясы арқылы жүзеге асқан алаяқтық схемаға қатысы болуы мүмкін. Тергеу мәліметтері бойынша, компания 2023 жылдың мамыры мен 2024 жылдың маусымы аралығында катетерлерге қатысты 470 мыңға жуық өтінім жолдап, олардың жалпы сомасы 953 миллион доллар болған.
Осы қылмыстық істер барысында Medicare жүйесіне Medical Home Care Inc. Компаниясының үстінен 27 мыңнан астам шағым түскен. Федералдық билік өкілдері екі іс бойынша да тергеу жалғасып жатқанын айтты.