«Қорғас» бекеті Қытай Жаңа жылына байланысты 13 күнге жабылады

Автор: Бақыт Шынар

Бекеттің Қытай жағындағы қызметі уақытша жұмысын тоқтатады

Фото: «Қорғас» бекеті

Қытай Жаңа жылына байланысты Қазақстан мен ҚХР арасындағы «Қорғас» бекеті қытай тарапы жағынан 13 күнге жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бекеттің ресми сайты хабарлады.

«ҚХР-да Қытай Жаңа жылына байланысты «Қорғас» шекара маңы бекетінің қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтауына байланысты «Қорғас» орталығы 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап 1 наурызға дейін жабық болады», - деп хабарланған ресми ақпаратта.

Осы аралықты пайдаланған Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратына жөндеу жүргізбек. «Қорғас» бекеті 2 наурыздан бастап қалыпты жұмысына оралады.