Ол берешек сомасынан 5 есе көп сомадағы мүлікке тыйым салған
Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір отбасының 26 млн қарызы үшін 121,5 млн теңгенің мүлкіне тыйым салатын қаулы шығарып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысында банк ерлі-зайыптылардан 26 миллион теңге берешекті өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Сот талап етілген соманы қайтару үшін борышкерлердің кейбір мүлкіне тыйым салуды ұсынған. Алайда жеке сот орындаушысы тапсырманы «асыра орындап» жіберген.
Жеке сот орындаушысы отбасының барлық мүлкіне тыйым салған, оның ішіне берешек сомасынан әлдеқайда қымбат мүліктер де кірген. Мысалы:
Осының салдарынан ерлі-зайыптылар өз мүлкіне қатысты мәміле жасай алмай қалған. Олар жеке сот орындаушысына тек бір жылжымайтын мүлікке тыйым салуды сұрап, сол мүліктің есебін ұсынған. Бірақ өтініш қанағаттандырылмаған.
Борышкерлер жеке сот орындаушысының шешіміне қарсы Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген. Сот олардың өтінішін қанағаттандырып, жеке сот орындаушысының заң шегінен асып кеткенін айтты. Сотқа сәйкес, егер мүліктің бір бөлігі берешекті жабуға жететін болса, тек сол бір мүлікке ғана тыйым салу керек, ал қалғанына тыйымды алып тастау қажет.
Сот шешімі бойынша:
Сот шешімі заңды күшіне енді. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысына тәртіптік жаза ретінде сөгіс берді.