Оқиғаға қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруалық басқармасы кінәлі болып отыр
Апелляциялық сот алқасы көлігінің үстіне ағаш құлап кеткен Қостанай тұрғының арызын қарай келе, әкімдікпен соттасып, мекемені жеңіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот анықтағандай, 2025 жылдың сәуірінде Қостанай қаласындағы аулалардың бірінде тұрған Mazda маркалы көліктің үстіне ағаш құлап кеткен. Сараптама көлікті жөндеу үшін 2 млн теңге қаражат керек екенін анықтаған.
Арыз жазған көлік иесі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үй ауласындағы ағаштарды күтіп-бағуға міндетті болғанын айтып, шығынды осы мекеменің өндіріп беруін талап еткен. Оның үстіне, дәл осы азамат әкімдіктің байланыс орталығына хабарласып, құлағалы тұрған ағаштарды кесу керегін айтқан екен.
Сот тұрғын үй ауласындағы ағаштарды пәтер иелерінің кооперативі емес, әкімдіктің тұрғын үй-шаруашылық басқармасы күтіп-бағуға міндетті деген қорытындыға келіп, көлікті жөндейтін ақшаны осы мекеме төлейді деген қаулы шығарды.