Астанадағы жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: скриншот

Кеше, 28 қаңтар күні Астанадағы Сарайшық көпірінде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі адамның өмірін бір сәтте қиған апаттың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, Түркістан көшесі жағынан Сарайшық көпірімен келе жатқан Toyota маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі кенеттен қарсы бағытқа шығып кетіп, екі жеңіл көлікті қағып кеткен. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан, алайда олардың қай көлікте отырғаны белгісіз.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.