Оқушы қыздар ғылыми жобаларының жемісін көрген
Астанадағы №111 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары – Перизат Кеңесбек пен Айжан Жасан жетекшілері – Алтынай Жолбасованың және Айнұр Кошкарованың қолдауымен қолдан инкубатор құрастырып, одан алғашқы балапан алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, осы жылдың 26 қаңтарынан бастап жоба нақты нәтижесін беріп, алғашқы балапандар жұмыртқа жарып шығарды.
«Бұл сәт жас зерттеушілерге ерекше қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады. Өз қолдарымен жасаған құрылғының жұмыс істеп, тіршіліктің пайда болуын көру – оқушылар үшін нағыз ғылыми жетістік болды», - деп жазады әкімдік.
Жоба барысында оқушылар: