Оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыс істеу жазасы тағайындалды
Жамбыл облысы Сарысу ауданының соты кішкентай қызды жұлқылап, бетінен ұрған әйелдің қылмыстық ісін қарап, оған жаза кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың анықтағанындай, жанжал 2025 жылдың мамырында болған. Жаңатас қаласындағы аулалардың бірінде сотталған әйел баласын ренжіткен кішкентай қызды қолынан жұлқылап, бетінен шапалақтаған. Соттың мәліметінше, ересек әйел кішкентай қыздың 2012 жылы туғанын, яғни, кішкентай қыз екенін көрінеу түрде білген.
Оның кінәсін сараптама мен куәгерлер растап, сотта куәлік берген.
Прокурор бұл әйелді 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасын сұраған. Сот та бұл позициямен келісіп, әйелді осы жазаға кескен.