Шымкенттік тұрғын үйінің ауласында қарасора өсірген

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласының тұрғыны саяжай ауласында құрамында есірткі заты бар өсімдік өсірген, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мамандары «Қарасора-2020» жедел алдын алу шарасын өткізіп, оның аясында қала іргесіндегі саяжай тұрғындарын тексерген. Тұрғындардың бірінің ауласынан өсіруге тыйым салынған қарасора өсімдігі табылды.

Күдікті есірткі өсімдігін ауласында өзі өсірген. Оның не мақсатта өсіргені тергеу барысында белгілі болады. Қазір ер азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.