Аппарат өте лас болған
Желі қолданушысы Алматы әуежайында орналасқан вендиң аппараттың санитариялық жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, аппарат апельсин шырынына шыбын-шіркей қосып жасап берген. Автор жариялаған видеода вендиң аппараттың лас екені анық көрінеді.
«Алматы әуежайында вендиң аппараттан апельсин шырынын сатып алдым. Бағасы - 3000 тг. Өкінішке қарай, ішінен көп майда шыбын шықты», - деп жазды ол.
Желі қолданушысы көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға тырысқанын, алайда ешкімнің жауап бермегенін жеткізді.
Редакция әуежай әкімшілігіне сұрау салды. Әзірге жауап жоқ.