Венгрия азаматы Астанаға келіп есірткі сатқан – ІІМ ірі қылмыстардың бетін ашты

Автор: Бақыт Шынар

Жыл басынан бері полиция есірткі қылмысына қатысты 81 фактіні анықтаған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ішкі істер министрлігі 2026 жылдың 20 күнінде ел бойынша есірткі қылмысына қатысты 81 фактіні анықтап, айналымнан 323 келі есірткіні жойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 323 келі есірткінің ішіндегі 155 келі синтетикалық есірткі екені аныөталған.

«Қазақстанның аймақ-аймағында есірткі қылмысына қатысты бірнеше ірі қылмыстың беті ашылды. Мәселен, Астанада есірткі сатып жүрген Венгрия азаматы ұсталды. Одан салмағы 1,5 келі есірткі табылған. Ақмола облысында «закладка» тастап жүрген бір азамат ұсталды. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысы мен Алматы облыстарында да есірткі сатқан адамдар ұсталды», - деп хабарлайды ІІМ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қарағанды облысында шетелден есірткі алдырып, оны тығып жүрген студент 15 жылға сотталған болатын.