Жайдарманшы Айбек Байназаров пойызда танымайтын қызға тиіскенін әзілге айналдырып, көпшіліктің ашу-ызасына тиді

Автор: Темірхан Айжан

Желіде қыздар пойызда көрген харассменттерін жазып жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Жайдарманшы Айбек Байназаров бейтаныс қызға сексуалды харассмент көрсеткенін әзілге айналдырды. Айтуынша, жас күнінде пойызда араққа сылқия тойып алып купедегі бойжеткенге тиіскен. Бұл туралы Дархан Оспановтың «Шай әңгіме» атты YouTube шоуында баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Threads платформатында сұхбаттың үзіндісі тарады.

Айбек Байназаров танымайтын қызға тиіскеніне кінәлі сезінудің орнына, болған оқиғаны тамсанып отырып баяндаған. Ол бір купеге түсіп қалған қыздың денесін сипаттап, оның мойнынан сүймек болғанын айтты. Мұны өзінің бойдақ болғанымен, мас болғанымен ақтап алады. Сол кезде шоудың қонақтары мен жүргізушісі «әзілге» күліп, оны қолпаштап отырды.

Әлеуметтік желіде бейнежазба резонанс тудырды. Қолданушылар Айбек Байназаровты да, оның сөзін бөлмеген Дархан Оспановты да сынады. Қоғамдағы зорлық-зомбылық тақырыбын қалыпты жағдай секілді көріп, қаншама қыз-келіншектің қорқынышы мен жан жарасын күлкіге айналдырған жігіттің әңгімесі көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Әйелдер қауымы пойыздағы харрасмент оқиғаларын бөлісіп, психологиялық соққы алғандарын жазып жатыр.

Осыдан кейін Дархан Оспанов түсірілім және монтаж кезінде қорқынышты контексті байқамай қалғаны үшін кешірім сұрады. Бірақ оның сөзі желі қолданушыларын сабасына түсіре алмады. Көп уақыт өтпей «Шай әңгіменің» осы шағарылымы YouTube-тен өшірілген.

Еске салайық, 2018 жылы тальгодағы әйел зорлау оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірген еді.